Accessibility links

Жапония ядролық апаттың алдын алуға әрекет етіп жатыр


Жапонияда зілзаладан зақымданған Фукусима атом электр стансасындағы реакторлардан тағы да түтін шыға бастады. Ондағы жағдай өте күрделі болғанымен халықаралық атом энергетикасы жөніндегі МАГАТЭ агенттігінің бас директоры Юкия Амано "бұл дағдарыстың тиімді түрде шешілетініне еш күмәнданбайтынын" айтты. Алайда Амано "МАГАТЭ-ның ядролық қауіпсіздіктегі ролі қайта қаралуы керек шығар" деп атап көрсетті.

Фукусимадағы жұмысшылар радиация жайылуының алдын алу мақсатында жарылыстардан зақымданған реакторларды салқындату әрекеттерін жалғастырып жатыр.
XS
SM
MD
LG