Accessibility links

АҚШ қорғаныс министрі Ресей басшыларымен кездеседі


АҚШ қорғаныс министрі Роберт Гейтс Ресейге сапарын жалғастырып жатыр. Бүгін ол президент Дмитрий Медведевпен және қорғаныс министрі Анатолий Сердюковпен кездеседі. Гейтстың премьер-министр Владимир Путинмен кездесуі жоспарланбаған.

Жазда зейнетке шығатын Роберт Гейтс Ресейге екікүндік сапарын Санкт-Петербургтан бастап, АҚШ пен Ресей қарым-қатынастарындағы алғабасушылақтарды мадақтады. Сонымен қатар Гейтс АҚШ-тың Еуропада зымыраннан қорғаныс жүйесін орнату жоспарына байланысты Мәскеу мен Вашингтонның келіспеушіліктерін де атап өтті.
XS
SM
MD
LG