Accessibility links

Каддафи күштері Мисуратқа шабуылдап жатыр


Халықаралық коалиция ұшақтары сәрсенбі күні кешке Триполи маңындағы бірқатар нысандар мен Мисурат қаласына жақын жерде Муаммар Каддафиге бағынышты Ливия әскери күштеріне әуеден тағы да соққы берді.

Ливия мемлекеттік телеарнасы коалиция күштері астананың оңтүстігіндегі Джафар қаласы мен ірі әскери база орналасқан Таджур қаласын бомбалағанын хабарлады.

Әуеден берілген соққыларға қарамастан, Каддафи күштері көтерілісшілер қолындағы Мисурат қаласына әлі шабуылдап жатыр.

Халықаралық коалицияның Ливиядағы операцияларына басшылықты НАТО-ға беру туралы Брюссельдегі келіссөздерге қатысушылар әзірге ортақ шешімге келген жоқ.
XS
SM
MD
LG