Accessibility links

Қырғызстан «Қызғалдақ төңкерісінің» 6 жылдығын атап өтті


Қырғызстанда «Қызғалдақ төңкерісінің» 6 жылдығын атап өтті. 2005 жылдың наурыз айында бұл елде билік ауысқан болатын. Наурыздың 24-і үкімет шешімімен демалыс күні деп жарияланған.

Сәрсенбі күні Бішкекте 24 наурыз оқиғаларына қатысты конференция өтті. Онда мемлекет басшысы Роза Отунбаева «Ақаев режимінің құлатылуы нағыз революция болды, егер ол болмағанда 2010 жылғы төңкеріс те болмайтын еді» деді. Алайда «Қызғалдақ төңкерісі» өз мақсатына жете алмады дейді Отунбаева.
XS
SM
MD
LG