Accessibility links

Жапониядағы табиғи апат құрбандарының саны 10 мың адамға жетті


Жапонияда наурыздың 11-і күнгі зілзала мен цунами салдарынан қаза болғандардың саны 10 мың адамға жеткені туралы «Киодо» агенттігі хабарлады.

Жапон мамандарының есебіне сәйкес, табиғи апаттан зардап шеккен аймақтарды қалпына келтіруге 300 миллиард доллардан астам қаржы керек болады.

Халықаралық валюта қорының басшылығы Жапонияның қаржы жағдайы апат салдарын жою жұмыстарына кететін шығынды көтере алады деп мәлімдеді. Әйткенмен, халықаралық қордың өкілі «Фукусима Дайичи» атом электр станциясындағы апат салдарынан электр қуатының тапшылығы зардап келген аймақты қайта қалпына келтіру процесін қиындататынын да жоққа шығармаған.
XS
SM
MD
LG