Accessibility links

БҰҰ басшысы: Ливия атысты тоқтату жөніндегі бұйрықты орындамады


БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мунның мәлімдеуінше, Ливия үкімет күштері БҰҰ-ның атысты тоқтату жөніндегі бұйрығын орындамай отыр.

Халықаралық коалиция Муаммар Каддафидің күштеріне әуеден соққы беріп жатса да, Ливия атысты тоқтату туралы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарына мойынсұнбай отыр деді Пан Ги Мун БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде.

"Ливия билігінің уәде етуіне қарамастан атыстың доғарылғандығын көріп тұрған жоқпыз. Ливия билік орындары 1970 пен 1973-қарарлардағы міндеттемелерін орындамай отыр", - деді БҰҰ басшысы.

Оның айтуынша, Ливияда адам құқықтары тапталып жатыр және халыққа қарсы қылмыс жасағандар жауапқа тартылады.
XS
SM
MD
LG