Accessibility links

Бағдадтағы жарылыстан тоғыз адам мерт болды


Ирак астанасында сейсенбі күні болған жарылыстан тоғыз кісі қаза тауып, 33 адам жараланған.

Полицияның хабарлауынша, шиитердің Дора ауданындағы сүнниттер тұратын жердегі кафелердің бірінің жанында автокөлікке қойылған жарлығыш зат іске қосылған.

Қаза болғандардың көпшілігі - футбол матчын тамашалап отырған жас азаматтар деп хабарланды.
XS
SM
MD
LG