Полицияның хабарлауынша, Мәскеуде екі тәжік азаматы оққа ұшып, екеуі ауыр жарақат алған.
Ресей астанасының солтүстік-батысындағы атыс сейсенбі күні кешке болған. Полиция бұл оқиғаны этникалық азшылық топқа қатысты зорлық-зомбылық әрекеті болуы мүмкін деп сипаттады.
Жараланған екі азаматты ауруханаға тастап кеткендер іздестіріліп жатыр дейді полиция баспасөз хатшысы.