Ауғанстанның оңтүстігінде қарулы топ сенбі күні Қандағар қаласы басшысының ғимаратына және басқа да бірқатар үкіметтік мекемелерге шабуылдады.
Ассошейтед пресс агенттігінің хабарлауынша, Қандағар қаласы әкімшілік мекемесі маңына келген қарулы топ түстен кейін ғимаратты атқылай бастаған. Бірнеше жарылыс естілген. Шабуылдан кемінде 24 адам жараланды. Бұл шабуылға жауапкершілікті талибандар алды.