Accessibility links

Ресейде Химки орманын қорғап шеру өткізген 20 адам қамалды


Жексенбі күні Ресейден түскен хабарға қарағанда, Мәскеуде Химки орманын қорғап шыққан қоршаған ортаны қорғаушы 20 адам қамауға алынған. Олар Мәскеудің орманды бұзып, оның орнына үлкен жол салу жоспарына қарсы шығып келеді.

Оппозиция жетекшісі Сергей Удальцовпен қатар Химки орманын қорғау науқанын ұйымдастырушы Евгения Чирикова мен «Яблоко» партиясының жетекшісі Сергей Митрохин заңсыз акция өткізді деп ұсталған.

Химки орманын сақтап қалуды көздеген белсенділердің петициясын 20 мың адам қолдап, жол салуға қарсылық танытқан.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG