Accessibility links

АҚШ-та террорлық жарылыс жасауды жоспарлаған адам 28 жылға сотталды


АҚШ соты Иллинойс штатында террорлық жарылыс жасауды жоспарлаған деген айып тағылған Майкл Финтонды кінәлі деп тауып, 28 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

"Талиб Ислам" деген лақап атқа ие Майкл Финтон қылмыс жасамақ болғанын сот процесі кезінде мойындады.

Ол 2009 жылы АҚШ арнайы қызметінің өкілімен жолыққаннан кейін ұсталған еді. Майкл Финтон өзімен "әл-Каида" белсендісі ретінде танысқан агентке Иллинойс штатының орталығы Спрингфилд қаласының әкімшілік ғимараты алдында жүк көлігіне жарылғыш зат қойып жармақ ниеті барын айтқан.
XS
SM
MD
LG