Accessibility links

Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінісі тіркелді


Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының ресми сайтында өткен түнде Қазақстанның оңтүстігінде 3 магнитудалы жерасты дүмпулері тіркелгені туралы ақпарат жарияланды.

Орталықтың хабарлауынша, түнгі сағат 2-ден 17 минут өткенде алғашқы жер сілкінісінің кіндігі Өзбекстанның Нүкіс қаласынан 413 шақырым жерде, ал тура бір сағаттан кейін Қызылорда облысындағы Арал қаласынан 129 шақырым жерде болған. Жерасты дүмпулері бір шақырым тереңдікте тіркелген.
XS
SM
MD
LG