Accessibility links

Сирияның Хомс қаласында атыстар естілген


Сириялық адам құқығын қорғаушы белсенділердің айтуынша, бүгін Хомс қаласында атыстар естілген.

Сирияның үшінші ірі қаласы Хомс - үкіметке қарсы шерулердің орталығына айналған. Тунис пен Египеттегі көтерілістерден жігерленген сириялықтар наурыздың ортасында президент Башар әл-Асадтың авторитарлық режиміне қарсы шерулер бастаған болатын.

Белсенділердің айтуынша, қауіпсіздік күштерінің наразылық танытушыларды басып жаншуы кезінде 800-ден астам адам мерт болған, мыңдаған кісі қамауға алынған.
XS
SM
MD
LG