Accessibility links

Еуропа одағы елдері Шенген аймағына қатысты мәселені талқылайды


Еуропа одағы елдерінің сыртқы істер министрлері бүгін Брюссельде Шенген аймағында жүріп-тұруға қатысты даулы мәселені талқылайды.

Италияға Солтүстік Африкадан ағылған заңсыз мигранттарға тосқауыл қою үшін Франция шекарада бақылау тәртібін уақытша енгізуді ұсынады. Көрші елдермен шекарасында бақылау бекеттерін қайта ашуға Дания да ниет танытып отыр.

Солтүстік Африка елдерінде жалғасып жатқан толқулар салдарынан соңғы бірнеше айда ол құрлықтан Еуропаға бірнеше мың адам заңсыз келген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG