Accessibility links

Үндістан премьері Кабулда қауіпсіздікті талқылайды


Үндістан премьер-министрі Манмохан Сингх (оң жақта) мен Ауғанстан президенті Хамид Карзайдың (сол жақта) Делидегі кездесуі. 26 сәуір 2010 жыл.
Үндістан премьер-министрі Манмохан Сингх (оң жақта) мен Ауғанстан президенті Хамид Карзайдың (сол жақта) Делидегі кездесуі. 26 сәуір 2010 жыл.
Үндістан премьер-министрі Манмохан Сингх Ауғанстанға екікүндік сапарын бастады. Кабулда ол Үндістанның Ауғанстанға көмегі мен аймақтық қауіпсіздік мәселесін талқылайды.

Үндістан - Ауғанстанға көмектесіп жатқан ірі донорлардың бірі. 2001 жылы "Талибан" билігі құлатылғалы бері Үндістан Ауғанстанды қайта құруға шамамен 1,3 миллиард доллар жұмсады. Сонымен қатар Үндістан өзінің қарсыласы Пәкістанмен Ауғанстандағы ықпалы үшін күресіп келеді.

Үндістан пен Ауғанстан өз елдеріндегі шабуылдарды жасаған бүлікшілерге Пәкістан қолдау көрсетеді деп айыптаған.

Сингх соңғы алты жыл ішінде Ауғанстанға алғашқы рет сапар жасап отыр. Ауғанстан президенті Хамид Карзай 2002 жылдан бері Үндістанға 10 рет сапармен барған.
XS
SM
MD
LG