Accessibility links

Қытайда банк ғимаратында жарылыс болған


Қытайдың Ганьсу провинциясындағы буддист монахтар шеруі. 14 мамыр 2008 жыл. Көрнекі сурет.
Қытайдың Ганьсу провинциясындағы буддист монахтар шеруі. 14 мамыр 2008 жыл. Көрнекі сурет.
Қытайдың солтүстік-батысындағы Ганьсу провинциясындағы банк ғимаратында жарылыс болған.

Үкіметтік Синьхуа агенттігі жарылыс салдарынан мерт болған және жараланғандар бар деп хабарлағанымен, олардың нақты саны көрсетілмеген. Әзірге келіп түскен ақпаратта мекеме қызметкерлері жиында отырған бөлменің терезесінен белгісіз біреу жарылғыш зат лақтырып, ғимаратта өрт шыққаны айтылған.

Жарылыс болған ауданда негізінен этникалық тибеттіктер тұрады деп хабарланды.
XS
SM
MD
LG