Accessibility links

Мұхтар Әблязов Ұлыбританияда өткен тағы бір сотта ұтылды


Мұхтар Әблязов, бизнесмен, бұрынғы жоғары лауазымды шенеунік
Мұхтар Әблязов, бизнесмен, бұрынғы жоғары лауазымды шенеунік

Бристол соты "БТА Банкі" бұрынғы төрағасы Мұхтар Әблязовтің үстінен «алаяқтықпен 4 миллиард доллар банк қаржысын жымқырды» деген айыптау негізінде ары қарай сотқа арыз түсіре алады деген үкім шығарды.


СОТ ҮКІМІ

Англияның Бристол қаласында Мұхтар Әблязовтың өзіне «қарсы қозғалған қылмыстық істің Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси қарсыластарын құрту үшін жасаған әрекеті» деген арқау еткен арыз – талабын мамыр айының 10-ында сот қазысы Найджэл Тиэр қабылдамай тастады.

Бұл туралы Эрик Ларсон Bloomberg («Блумберг») агенттігінің сайтында мамыр айының 10-ы күні «Сот "БТА Банк" Әблязовты алаяқтықпен 4 миллиард доллар мөлшеріндегі банк қаржысын жымқырды деген айыптау негізінде сотпен қуғындау әрекетін жалғастыра алады деген үкім шығарды» деген айдармен жарық көрген мақаласында жазады.

"Егер осы сот процесі нәтижесінде Мұхтар Әблязовтың Қазақстан президентінің көмегімен саяси оппонент ретінде көзі жойылса», онда бұл жайт аталған даудың «табиғи салдары» болады" деп мәлімдеді Найджэл Тиэр өзінің соттағы төрелік шешімінде.
Егер осы сот процесі нәтижесінде Мұхтар Әблязовтың Қазақстан президентінің көмегімен саяси оппонент ретінде көзі жойылса», онда бұл жайт аталған даудың «табиғи салдары» болады.

БТА Банк несиегерлері қатарына Royal Bank of Scotland Group Plc (RBS), Barclays Plc (BARC) және Morgan Stanley (MS) фирмалары енеді. БТА Банк, Қазақстаннан Лондонға шығып кетер алдында Мұхтар Әблязов жалған несиелер тарату мен акцияларды сату арқылы банк ақшасын жымқырып кетті деп санайды.

Алматыда қоныс тепкен БТА Банк 2009 жылдың ақпан айында мемлекет меншігіне алынып, кейінірек өзінің 12 миллиард доллар көлеміндегі қарыздарлық міндеткерліктері бойынша дефолт жариялаған болатын.

«Әблязов банк тек таза саяси себептер бойынша мемлекет меншігіне алынды деуінен танбайды, өйткені аталған кезеңде банк төлем қабілетіне ие еді» деп мәлімдепті өзінің телефон арқылы Bloomberg агенттігіне берген сұхбатында Мұхтар Әблязовтың адвокаты Локсли Райан. Заңгер Локсли Райан Лондондағы RLF Partnership Ltd. фирмасының қызметкері болып табылады.
БТА Банк банк былтыр өзінің қарызын қайта құрылымдау процесінің бір бөлігі ретінде өз несиегерлеріне арнап, қайтуынан үміт күтуге болмайтын шамамен 5 миллиард доллар несие борышы үшін онжылдық «борышқорлық қолхаттар» шығарды.

Қазір құнсызданды деп қарастырылып отырған активтерінің құнының қалпына келтірілуінен келетін түсімді БТА Банк өз несиегерлерімен 50-50 принципі негізінде бөліспекші. Мұның қатарына Ұлыбританиядағы сот процестерін жүргізуден келетін зиян да еніп отыр.

ӘБЛЯЗОВТЫҢ АДВОКАТТАРЫ БҮЙ ДЕЙДІ

Аталған сот ісінің нәтижелерінен пайда көреміз деп үміттеніп жүрген тағы басқа несиегерлер қатарына Wells Fargo & Co. (WFC), Bank of America Corp. (BAC), Standard Chartered Plc, Commerzbank AG (CBK), HSBC Holdings Plc (HSBA), Credit Suisse Group AG (CSGN) пен Нью-Йорктегі Goldman Sachs Group Inc. (GS) та енеді. Goldman Sachs Group Inc. 2009 жылдың шілде айында БТА Банкінің қарыздарды қайта құрылымдау жөніндегі кеңесшісі ретіндегі өз жұмысын әрмен жалғастырудан бас тартқан болатын.
БТА Банк Әблязов өзінің коммерциялық, соның ішінде Мәскеуде зәулім ғимарат салу жөніндегі жобада үлес иемденуі туралы, мәмілелерінің егжей-тегжейін ашпады дейді.


2010 жылғы желтоқсан айында БТА Банк Ұлыбританияның апелляциялық сотының банктің пайдасына шешім қабылдауы арқылы жеңіс дәмін татқан еді. Яғни, аталған апелляциялық сот жалпы көлемі шамамен 5 миллиард доллар болатын Мұхтар Әблязовтың активтеріне сыртқы басқару енгізудің қажеттілігі туралы шешім қабылдады (бұл Лондондағы жоғары соттың осыдан сәл бұрынырақ қабылдаған үкімінің әділдігін мақұлдаған шешім болды).

БТА Банк Әблязов өзінің коммерциялық, соның ішінде Мәскеуде зәулім ғимарат салу жөніндегі жобада үлес иемденуі туралы, мәмілелерінің егжей-тегжейін ашпады дейді.

Әблязовтың қорғаушылары БТА Банкінің мемлекеттің қарамағына алынуының басты себебі өздерінің клиентінің Нұрсұлтан Назарбаевтың билігіне қарсы әрекеттенетін «демократиялық оппозицияның» мүшесі болуында жатыр деуден танбайды. Мұндай қазақстандық биліктің «арам пиғылы» жөніндегі мәлімдемелерді ақпан айында сот қазысы Тиэр қабылдамай тастаған еді, деп түсіндіреді істің мән-жайын Bloomberg.

Сот ісін біржола аяқтауға талаптанған жауапкердің жаңа әрекеті Назарбаевтың елдегі олигархтардың «билігі мен ықпалын жою» үшін өзінің қарамағындағылармен бәтуаласып іс жүзіне асырып жатқан болжалды стратегиясына қатысты дау көтеруді арқау етеді деп атап көрсетілген соттың қаулысында.

Сот қазысы Тиэр, [қаржылық] алаяқтық жасалғаны біржола айғақталды және банктің мемлекеттің қарамағына алынуына негізінен қаржылық дағдарыстың себеп болуы әбден мүмкін деп ұйғарды.
Қаржылық алаяқтық жасалғаны біржола айғақталды және банктің мемлекеттің қарамағына алынуына негізінен қаржылық дағдарыстың себеп болуы әбден мүмкін.

«Мұхтар Әблязов 2003 жылы тұтқындалып, «жала жабу» негізінде түрмеге қамалған еді, осының кесірінен оның активтері тәркіленген болатын» дейді оның қорғаушылары.

Қорғаушылардың айтуынша бұрынғы банкирді түрмеде қинап, қорлық көрсеткен. Олардың айтуынша абақтыда Әблязов өзін өлтіруге тырысқан екі бірдей қастандықтан аман құтылып кеткен екен.

Қазақстанның прокурорлары 2009 жылдың наурыз айында Мұхтар Әблязов пен БТА Банкінің бұрынғы атқарушы директоры Роман Солодченконы қамауға алуға ордер берген еді. Ордер аталған екі азамат банк қаражатын жымқырды және тек қағаз жүзінде ғана өмір сүрген компанияларға несие беру арқылы ол қаражаттың ізін жасырды деген күдік негізінде беріліпті.

Бұл екі адамның да (яғни Мұхтар Әбләзов пен Роман Солодченко) мұндай айыптауды мойындамай отырғанын айта кетеді Bloomberg агенттігі.
XS
SM
MD
LG