Accessibility links

Беларусь соты Санниковты 5 жылға қамады


Беларусь президенттігінен бұрынғы үміткер Андрей Санников.
Беларусь президенттігінен бұрынғы үміткер Андрей Санников.
Беларусь соты оппозиция жетекшісі Андрей Санниковты 5 жылға түрмеге жапты.

Санниковқа желтоқсан айындағы даулы президент сайлауынан кейін "жаппай наразылық шарасын ұйымдастырды" деген айып тағылды. Прокурорлар президенттіктен бұрынғы үміткерді жеті жыл бас бостандығынан айыруды талап еткен болатын.

Сайлаудан кейін мыңдаған адам Минскідегі орталық алаңға шығып, президент Александр Лукашенконың қайта сайлануына наразылық танытқан еді. Билік орындары ондаған оппозициялық белсендіні тұтқындап, сотқа тартты.

АҚШ Санниковтың қамалуының саяси астары бар деп мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG