Accessibility links

Сирия күштері Ливанға қашып жатқандарға оқ атты


Сирия қауіпсіздік күштері елдегі зорлық-зомыбылықтан аман қалу үшін Ливанға қашып жатқандарға оқ атып, бір әйелді өлтірді. Кемінде 5 адам жараланды.

Ливандық қауіпсіздік қызметкерінің айтуынша, сириялық күштер Уади Халед қаласы жанындағы шекара бекетінде жиналып тұрған жұртқа оқ атқан. Жараланғандардың арасында ливандық сарбаз бар.

Соңғы апталарда Сирияда үкіметке қарсы шерушілер басып жаншылып жатқандықтан мыңдаған адам Ливанға қашып кетуге мәжбүр болған. Адам құқықтарын қорғаушы белсенділердің айтуынша, наурыздың ортасында президент Башар әл-Асадтың режиміне қарсы наразылық шарасы басталғалы бері 775-тен астам адам мерт болған.

AzattyqTV

Жаһан жаңалықтары

Жээнбеков кім?

XS
SM
MD
LG