Accessibility links

Ливия үкіметінің жетекшісі БҰҰ-ның арнайы өкілімен кездесті


Ливия жетекшісі Муамар Каддафи. Мемлекеттік телеарнадан бейнекөрініс. 11 мамыр 2011 жыл.
Ливия жетекшісі Муамар Каддафи. Мемлекеттік телеарнадан бейнекөрініс. 11 мамыр 2011 жыл.
Ливияның үкімет жетекшісі Багдади Махмуди егер НАТО күштері әуе соққысын дереу доғаратын болса, онда Муамар Каддафиге бағынышты әскер берілуге дайын екендігін білдірді.

Бұл туралы Махмуди жексенбі күні Триполиде БҰҰ-ның арнайы өкілі Абдул-Илах әл-Хатибпен кездескенде мәлімдеген.

Ал Ливияда бейбіт тұрғындарды билік тарапынан жазалаудан қорғау операциясына қатысып жатқан Ұлыбритания билігі Каддафи режиміне қарсы белсенді қимылға көшуді жөн санайды.

Британ генералы Дэвид Ричардс "Каддафиді биліктен тезірек кетіру үшін қолдан келгенннің бәрін істеу қажет" деп айтқан.
XS
SM
MD
LG