Accessibility links

Дональд Трамп АҚШ президенті сайлауына түспейтінін мәлімдеді


АҚШ миллиардері Дональд Трамп.
АҚШ миллиардері Дональд Трамп.
Америкалық миллиардер Дональд Трамп 2012 жылы АҚШ-та өтетін президент сайлауына түспейтіні туралы мәлімдеме жасады.

Дүйсенбі күні миллиардер осы кезге дейін президент сайлауына өз кандидатурасын ұсыну туралы ойы болғанын, бірақ "негізгі құштарлығы - бизнес" болғандықтан, райынан қайтқанын айтты.

Соңғы бірнеше ай бойы АҚШ-ты аралап, республикалық партия жақтаушылары алдында сөйлеген сөзінде Дональд Трамп АҚШ-тың қазіргі президенті Барак Обаманың осы елде дүниеге келгеніне шүбәланып, оның мемлекет басшысы болып сайлануының заңдылығына күмән келтірген еді.

Келер жылы өтетін АҚШ президенті сайлауына түсетіндігі туралы өткен аптада конгрестің өкілдер палатасының бұрынғы спикері, республикалық партия қайраткерлерінің бірі - 67 жастағы Ньют Гингрич мәлімдеген болатын.

Ақ үйдің қазіргі басшысы Барак Обаманың 2012 жылғы президент сайлауына қатысатыны туралы ақпарат оның ресми сайтында сәуір айының басында жарияланған еді.

АҚШ-та кезекті президент сайлауы 2012 жылы қарашаның 6-сы күні өтеді.
XS
SM
MD
LG