Түркіменстан президенті Гурбангұлы Бердімұхаммедов бүгін тұтқындарға рақымшылық жасады. Бұл жөніндегі президент жарлығы елдің ұлттық мерекесімен тұспа-тұс келіп отыр. Қамаудан нақты қанша адамның босатылатыны белгісіз.
Мамырдың 18-і - Түркіменстанның жаңару, бірлік және Магтымгулы Пырагы поэзиясы күні. 18 ғасырда дүниеге келген Магтымгулы түркімен әдебиетінің атасы деп есептеледі.
Мамырдың 18-і - Түркіменстанның жаңару, бірлік және Магтымгулы Пырагы поэзиясы күні. 18 ғасырда дүниеге келген Магтымгулы түркімен әдебиетінің атасы деп есептеледі.