Accessibility links

Оппозиция маңызды өндіріс орындарын мемлекетке қайтаруға шақырады


Қазақ оппозициясының наразылық жиынынан көрініс. Көрнекі сурет.
Қазақ оппозициясының наразылық жиынынан көрініс. Көрнекі сурет.
«Конституцияны қорғайық» қоғамдық комитеті Қазақстандағы бірқатар маңызды стратегиялық ресурстарды мемлекет қарамағына кері қайтаруды көздейтін науқан туралы өз бастамасына қосылуға шақырып, ел азаматтарына үндеу тастады.

«...біз «ұлт көшбасшысының» отбасы мен келімсек олигархтардың емес, Қазақстан халқының иелігінде болуы тиіс ірі өндіріс кәсіпорындарын мемлекетке қайтару үшін қоғамдық науқанның басталғанын жариялаймыз!» делінген бүгін комитет атынан таратылған ашық хатта.

Бұл хатта «Конституцияны қорғайық» қоғамдық комитеті осы науқан аясында Қазақстанда «наразылық акцияларын ұйымдастырып, инвестор болғысы келгендерді акциялары сатылатын қазақстандық кәсіпорындардың меншік мәселесі елдегі саяси режим ауысқаннан кейін қайта қаралатыны туралы хабардар ету» сияқты іс-шараларды жүзеге асыруға ниет етіп отырғаны айтылған.

Қоғамдық комитет құрамына Қазақстан коммунистік партиясының жетекшісі Ғазиз Алдамжаров, оппозициялық саясаткер Жасарал Қуанышәлин, оппозиция белсендісі Айнұр Құрманов, «Халыққа баспана қалдырайық» қозғалысының жетекшісі Есенбек Өктешбаев және басқалар бар.
XS
SM
MD
LG