Accessibility links

Ауғанстан шығысындағы атыстан 3 адам қаза тапты


Ауғанстан билігі Хост провинциясындағы атыстан үш полиция қызметкері қаза тапқанын хабарлады. Жексенбі күні Хост армиясының генералы Раз Мохаммад кеуделеріне жарылғыш заттар салып алған бірнеше адам үкіметтік үйлерге қарай шабуыл жасағанда, жол бойы оқ атқанын айтты. Атыс 4 сағатқа созылған.

Бұл шабуылдар Кабулдағы әскери госпитальде жанкештінің жарылысынан кемінде алты адам қаза болған оқиғадан кейін болып отыр.

Екі шабуылға да жауапкершілікті талибандар алған. Олар АҚШ күштері шілде айында елдің қауіпсіздігіне жауапкершілікті ауғандық жасақтарға тапсырып кетпекші болып жатқанда шабуылдарын күшейтіп отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG