Тәліптер жетекшісі молла Омар Пәкістан аумағында өлді деген ақпаратты Пәкістан билігі әлі растаған жоқ.
Молла Омар Кветта қаласынан шығып, Солтүстік Вазиристан аймағына бара жатқан жолда болған атыс кезінде қаза тапты деген хабарды Ауғанстанның жеке меншік TOLO телеарнасы таратқан еді.
Пәкістан қауіпсіздік қызметінің жоғары лауазымды өкілі журналистерге қазіргі уақытта бұл ақпараттың анықталып жатқанын ғана айтқан.
Ауғанстанды тәліптер билігі тұсында басқарған әрі ауған тәліптерінің жетекшісі молла Омар 2001 жылы АҚШ бастаған халықаралық коалиция күштерінің операциясы басталған соң із жасырған.