Пәкістан осы айдың басында америкалық әскерилердің Усама бин Ладенге қарсы жүргізген арнайы операциясы кезінде құлаған тікұшақтың қаңқасын АҚШ-қа қайтарып берді.
Пентагон өкілдерінің айтуынша, бүлінген әскери әуе техникасының кейбір бөлшектерін АҚШ жағына өткен демалыс күндері табыс еткен. Әңгіме радарға байқалмайтындай етіп жасалған америкалық H-60 Blackhawk тікұшағы туралы айтылып отырса керек.
АҚШ арнайы әскери тобы мамырдың басында Пәкістан аумағында құпия операция жүргізіп, «әл-Қаида» көсемі Усама бин Ладеннің көзін жойған соң Вашингтон мен Исламабад арасындағы онсыз да күрделі қатынасты қиындатып жіберді. Пәкістан билігі АҚШ-тың ісін «ел тәуелсіздігіне қол сұғу» деп атады.