Accessibility links

Ким Чен Ир Қытайға сапарын аяқтады


Солтүстік Корея жетекшісі Ким Чен Ир (сол жақта) мен Қытай басшысы Ху Цзиньтао.
Солтүстік Корея жетекшісі Ким Чен Ир (сол жақта) мен Қытай басшысы Ху Цзиньтао.
Бүгін Солтүстік Кореяның ресми ақпарат агенттігі осы елдің жетекшісі Ким Чен Ирдің Қытайға бір аптаға созылған сапарының аяқталғаны туралы хабарлады.

Бұған дейін Қытай ақпарат құралдары екі ел басшыларының Бейжіңдегі кездесуінде экономикалық әріптестік пен Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасына қатысты халықаралық келіссөздерге қайта оралуына қатысты мәселелері талқыланғанын хабарлаған еді.

Сонымен бірге талдаушылар, бұл сапарға Ким Чен Ир болашақта елдегі билікті өз ұлы Ким Чен Уға тапсыра қалған жағдайда оған Қытайдың қолдау танытатындығы туралы уәде алу мақсатымен барған болуы мүмкін деген болжам жасайды.
XS
SM
MD
LG