НАТО әуе күштері жұмаға қараған түні Ливия астанасына тағы да соққы берді. Куәгерлердің айтуынша, кемінде бес қуатты жарылыс естілген.
Бұл жолы да Ливия жетекшісі Муаммар Каддафидің Триполидегі резиденциясы нысанаға алынған.
Осыған дейін британ үкіметі Ливияға нысананы дәл көздеп ататын «Апач» әскери тікұшақтары жіберіледі деп ресми түрде мәлімдеген еді.
Кеше Ливия билігі көтерілісшілермен келіссөздер жүргізуге әзір екендерін алғаш рет білдірді.
Бейсенбі күні Францияда ашылған «Үлкен сегіздік» саммитінде сол елдің президенті Николя Саркози Ливиядағы «бейбітішілікке басты кедергі – Муаммар Каддафидің биліктен кетпей отырғандығы» деді.