Accessibility links

Абхазия жетекшісі Сергей Багапш өмірден озды


Абхазия жетекшісі Сергей Багапш. Сухуми.
Абхазия жетекшісі Сергей Багапш. Сухуми.
Грузияның жікшіл аймағы Абхазия республикасының жетекшісі Сергей Багапш Мәскеу емханасында өткен операциядан кейін көз жұмды.

Ресейлік және франциялық хирургтер оның өкпесіне жасалған операция сәтті өткенін хабарлағанымен, артынша жағдайы күрт нашарлап кеткен.

62 жастағы Сергей Багапш өзінің туған ауылы Джгерда бейсенбі күні жерленеді.

Халықаралық мойындалмаған Абхазия елі президентінің міндетін 3 айдай уақыт вице-президент Александр Анкваб атқаратын болады.
XS
SM
MD
LG