Accessibility links

Мәскеудегі «гейлер шеруіне» қарсы күш қолданылуына АҚШ алаңдаушылық танытты


Мәскеудегі гейлер шеруіне қатысушының бірін Ресей полициясының ұстаған сәті. 28 мамыр 2011 ж.
Мәскеудегі гейлер шеруіне қатысушының бірін Ресей полициясының ұстаған сәті. 28 мамыр 2011 ж.
АҚШ үкіметі Мәскеуде гомосексуалдар құқығын қорғап мамырдың 28-і күні шеруге шыққандарды биліктің күштеп таратуына байланысты алаңдаушылық білдірді.

АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Марк Тонер Мәскеу полициясы шеруге қатысқан гейлер қозғалысы мүшелерін де, оларға қарсы шыққандарды да ұстағанын атап өтті. Сонымен бірге, сенбі күнгі ол шеру кезінде ресейлік жыныстық азшылық тобындағылардың құқығын қорғайтындарға қосылмақ болған бір АҚШ азаматы да ұсталған.

АҚШ үкіметі Ресей билігін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше ел ретінде өз мойнына алған міндеттемелеріне сәйкес азаматтардың «негізгі құқықтарын» қамтамасыз етуге шақырды.
XS
SM
MD
LG