Accessibility links

Мәскеу бүгін Абхазия президентімен қоштасып жатыр


Сергей Багапштың денесі қойылған Ресей қарулы күштері мәдени орталығы алдындағы құрметті қарауыл. Мәскеу, 30 мамыр 21011 ж.
Сергей Багапштың денесі қойылған Ресей қарулы күштері мәдени орталығы алдындағы құрметті қарауыл. Мәскеу, 30 мамыр 21011 ж.
Бүгін Мәскеудегі Ресей қарулы күштерінің мәдени орталығында жұртшылық Грузияның өзін-өзі тәуелсіз мемлекет деп жариялаған жікшіл аймағы Абхазия республикасының президенті Сергей Багапшпен қоштасып жатыр.

62 жастағы Сергей Багапш өкпесіне жасалған операциядан соң күрт нашарлап, кеше Мәскеу ауруханасында қайтыс болған еді.

Марқұмның сүйегі бүгін кешке Сухумиге жеткізіліп, туған жері Джгерда ауылында маусымның 2-сінде жерленеді. Сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі Абхазияда азалы күн деп жарияланды.

Халықаралық қауымдастық мойындамаған Абхазия елі басшысының жаңа сайлауы өткенге дейін президент міндетін үш айдай уақыт вице-президент Александр Анкваб атқарады.
XS
SM
MD
LG