Accessibility links

ЮКОС-тың бұрынғы басшылары өздерін шартты бостандықққа шығаруды сұрады


Михаил Ходорковский (сол жақта) мен Платон Лебедев сот залында. Мәскеу, 24 мамыр 2011 ж.
Михаил Ходорковский (сол жақта) мен Платон Лебедев сот залында. Мәскеу, 24 мамыр 2011 ж.
Ресейлік ЮКОС компаниясының бұрынғы басшылары Михаил Ходорковский мен Платон Лебедев өздерін мерзімінен бұрын шартты бостандыққа шығаруды сұрап, Мәскеудің Преображенский сотына өтініш жолдады.

Адвокаттарының сайтында жарияланған өтінішінде Ходорковский Ресей заңына сәйкес, сотталған адам жаза мерзімінің жартысын өтеген соң мерзімінен бұрын шартты бостандыққа шығу мүмкіндігіне ие болуға құқылы екендігін айтып, өзіне тағайындалған 13 жылдың жеті жарым жылын түрмеде өтегенін атап көрсеткен. Дәл осындай өтінішті Платон Лебедев те жазған.

Ходорковский мен Лебедев мұнай ұрлаған және арам жолмен келген ақшаны заңдастырған деген айыппен сотталған. Екеуіне сот үкімі бойынша тағайындалған жаза мерзімі 2016 жылы бітуі тиіс.
XS
SM
MD
LG