Босниялық серб әскерінің бұрынғы қолбасшысы 69 жастағы Ратко Младич сейсенбі күні бұрынғы Югославия бойынша соғыс қылмыстарын қарайтын Гаага халықаралық трибуналының тұтқындарды ұстайтын арнайы орталығына жеткізілді.
Кеше Белград соты Ратко Младичті Гаага халықаралық трибуналына беру туралы сот шешіміне айыпкердің адвокаты жазған апелляциялық шағымды қарап, оны қанағаттандырмаған еді. Сербия әділет министрі Снежана Малович сот шешімінен соң іле-шала Младичті Гаагаға беру туралы құжатқа қол қойып, тұтқын Белградтан Роттердамға ұшақпен жеткізілді.
Гаага халықаралық трибуналы 1990-жылдардың ортасында Босниядағы азамат соғысы кезінде «адамзатқа қарсы қылмыс жасаған» деген айып таққан Ратко Младич 15 жыл бойы қашып жүріп, өткен аптада ұсталған еді.