Accessibility links

Пәкістанда жоғалып кеткен журналистің мәйіті табылды


Пәкістандық журналист Сайед Салим Шахзад.
Пәкістандық журналист Сайед Салим Шахзад.
Пәкістанда журналист Сайед Салим Шахзадтың кісі қолынан мерт болғаны белгілі болды. Ол мамырдың 29-ы күні хабарсыз кеткен еді.

Журналистің жансыз денесі сейсенбі күні Исламабадтан оңтүстік-шығысқа қарай 150 шақырым жердегі Сарай Аламгир қаласынан өз автокөлігінің ішінен табылған. Оның ажалы белгісіз біреулердің қолынан болғаны хабарланды.

Көзі тірісінде журналист Шахзад жазған мақалалары үшін пәкістандық арнайы қызмет өзінен өш ала ма деп қауіптенгенін марқұмның әріптестері айтып отыр.

Сайед Салим Шахзад пәкістандық әскерилер мен «әл-Каида» арасындағы байланыс туралы жазған. Сонымен бірге ол италиялық ақпарат агенттігімен және Гонконгта тіркелген интернет-сайтпен әріптес болған.
XS
SM
MD
LG