Accessibility links

Йемен астанасында полиция шеруге шыққандарға оқ атты


Йемен астанасы Сана қаласындағы аудандардың біріндегі көрініс. 31 мамыр 2011 жыл.
Йемен астанасы Сана қаласындағы аудандардың біріндегі көрініс. 31 мамыр 2011 жыл.
Йемен астанасы Сана қаласында президент Әли Абдолла Салехтің биліктен кетуін талап етіп наразылық шеруіне шыққандарға полиция оқ атты. Әзірше зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Сананың тағы бір ауданында үкімет күштері мен президент Салехтің режиміне қарсы бас көтерген жергілікті ықпалды тайпа көсемдерінің бірі Шейх Садық әл-Ахмедті қолдайтын қарулы адамдар арасында сейсенбіден бері атыс жалғасып жатыр. Кейбір деректер бойынша, ұрыс барысында осы уақытқа дейін кемінде 60 адам мерт болған.

Парсы шығанағындағы араб елдері ынтымақтастық кеңесі Йемендегі жағдайды бейбіт жолмен реттеу үшін үкімет пен оппозиция арасында ара ағайын болуға тағы да ниет білдірді.

Осыған дейін Йемен президентін елдегі билікті бейбіт жолмен тапсыруға көндіруге бірнеше талпыныс жасағанымен, Салех олардың ұсынысын қабылдаудан бас тартқан соң мамырдың 22-і күні Парсы шығанағындағы араб елдері ынтымақтастық кеңесі Йемендегі саяси дағдарысты шешуге ара ағайын болуды тоқтататындығын мәлімдеген.

Йеменді отыз жылдан астам уақыт үздіксіз басқарып келе жатқан президент Салехтің биліктен кетуін талап еткен халық наразылығы ақпан айынан бері жалғасып жатыр.
XS
SM
MD
LG