Accessibility links

Ақтөбедегі жарылыс бойынша тергеу құпия жағдайда жүргізіліп жатыр


Полицейлер бомба жарылған аумақты күзетіп тұр. Ақтөбе, 17 мамыр 2011 жыл.
Полицейлер бомба жарылған аумақты күзетіп тұр. Ақтөбе, 17 мамыр 2011 жыл.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) Ақтөбедегі департаментінде болған жарылысқа байланысты қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеу құпия жағдайда жүргізіліп жатыр. Бұл туралы бүгін Астанадағы брифинте Қазақстан бас прокуратурасының өкілі Жандос Өмірәлиев мәлімдеді.

«Бұл істің тергеуі құпия режимде өткізіліп жатыр және тергеу мүддесіне байланысты қандай да бір түсініктеме беруге мүмкіндік жоқ» деді ол.

Мамырдың 17-сі күні ҰҚК-нің Ақтөбедегі департаментінде жарылыс болғаны туралы Азаттық хабарлаған. Қазақстан бас прокуратурасы бұл жарылысты «ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы бар» деген күдікке ілінген 1986 жылы туған Рахымжан Мақатов есімді азамат «заң алдында жауапкершіліктен жалтару үшін жасаған» деп мәлімдеді.

Бірақ кейін ҰҚК төрағасының орынбасары Өсер Мизанбаев баспасөз құралдарына Ақтөбедегі жарылысқа қатысты ҰҚК «терроризм» бабы бойынша қылмыстық іс қозғағаны жөнінде хабарлаған.
XS
SM
MD
LG