Accessibility links

Шығыс Қазақстанда жауған бұршақтан мал шығыны болды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында сейсенбіге қараған түні диаметрі 13 миллиметрге дейін жететін бұршақ жауып, аймақтағы егістік пен малға зиян тигізіп, ғимараттарды бүлдірді деп хабарлайды Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігі.

Табиғаттың тосын мінезінен Үржар, Ақжар, Жаңа тілек, Алтыншоқы, Айтбай, Лайбұлақ және Науалы ауылдары зардап шеккен.

Қатты жауын мен желден ағаштар сынып, ондаған үйдің шатыры мен терезелері бүлінген. Аудандағы бес мың гектарға жуық егістік алқабын бұршақ соғып кеткен. Қатты жауған бұршақтан 80 бастай ұсақ мал қырылып қалған.

Адамдар арасында зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген. Қазір Үржар ауданында арнайы комиссия жұмыс істеп, келген зиянның көлемін анықтап жатыр деп хабарланды.
XS
SM
MD
LG