Accessibility links

Астанада ислам экономикалық форумы өтіп жатыр


Астанадағы Тәуелсіздік сарайы. 24 қараша 2009 жыл.
Астанадағы Тәуелсіздік сарайы. 24 қараша 2009 жыл.
Бүгін Астанада VII дүниежүзілік ислам экономикалық форум жұмысы басталды.

«Ғаламдық экономикалық даму: қарым-қатынас, бәсекелестік, ынтымақтастық» тақырыбымен өтетін форум аясындағы сессияларда VII Дүниежүзілік ислам экономикалық форумында ислам банкингін, қаржы инфрақұрылымын, шағын және орта бизнесті, балама қуат көздерін, «халал» өнеркәсібін дамыту және тағы басқа мәселелер талқыланбақ.

Бүгін форумның ашылуында сөйлеген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Батыстағы «үлкен сегіздік» тәрізді, дүниежүзілік ислам экономикалық форум негізінде ислам әлеміндегі жетекші он елдің қатысуымен диалог алаңын құруды, сондай-ақ азық-түлік жәрдемін көрсететін аймақтық қор қалыптастырып, оның штаб-пәтерін Қазақстанда орналастыруды ұсынды.
XS
SM
MD
LG