Accessibility links

АҚШ президенті Ауғанстан басшысынан кешірім сұрады


Ауғанстан президенті Хамид Карзай (сол жақта) мен АҚШ президенті Барак Обама. Вашингтон, 12 мамыр 2010 жыл.
Ауғанстан президенті Хамид Карзай (сол жақта) мен АҚШ президенті Барак Обама. Вашингтон, 12 мамыр 2010 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама Ауғанстан президенті Хамид Карзайдан мамырдың соңында Ауғанстанның Гельменд провинциясында халықаралық күштердің әуе соққысынан бейбіт тұрғындардың қаза болуына байланысты кешірім сұрады.

Өткен аптада Хамид Карзай бейбіт адамдардың өмірін қиған НАТО әскерінің іс-қимылын қатты сынға алып, «мұндай оқиғалар тәліптерді күшейтеді» деп мәлімдеген еді.

Ауған үкіметі Гельменд провинциясында халықаралық күштердің соққысынан 14 адам өлген деген дерек айтса, НАТО басшылығы қаза болғандар саны 9 кісі дейді.
XS
SM
MD
LG