Accessibility links

Заңгер Наталья Соколова екі айға қамалды


Заңгер Наталья Соколова. Сурет Ольга Ярославскаядан алынды.
Заңгер Наталья Соколова. Сурет Ольга Ярославскаядан алынды.
Ақтау қалалық соты «Қаражанбас» акционерлік қоғамының кәсіподақ заңгері Наталья Соколованы екі айға қамау туралы шешім шығарды.

Бұған дейін «заңсыз митинг ұйымдастырды» деген айыппен қамалған Наталья Соколова маусымның 1-інде босатылуы тиіс еді. Алайда кейін «Қаражанбасмұнай» компаниясының басшысы Юань Мудың арызы негізінде Наталья Соколоваға қылмыстық кодекстің 164-бабына сәйкес «әлеуметтік жанжал тудырды» деген басқа айып тағылды.

Маусымның 10-да қалалық сот Соколованы екі айға қамау туралы шешім шығарды. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, мамандар бұл әділетсіздік белгісі деп бағалап отыр.

Соколованың қорғаушысы сот шешіміне байланысты шағымданатынын айтты.

Маңғыстау облысында наразылық танытып жатқан мұнайшылар жұмысшылардың құқын қорғап жүрген Соколованың босатылуын талап еткен еді.
XS
SM
MD
LG