Accessibility links

Тәжік полициясы Би-Би-Си тілшісін тұтқындады


Би-Би-Си өзбек қызметінің вебсайты. 15 маусым 2011 жыл.
Би-Би-Си өзбек қызметінің вебсайты. 15 маусым 2011 жыл.
Тәжікстанның билік орындары елдің солтүстігіндегі Хужанд қаласында Би-Би-Си өзбек қызметінің тілшісі Усмонбой Урунбоевты тұтқындады деп хабарлайды Азаттық радиосының тәжік қызметі.

Тәжікстан ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Махмадулло Асадуллоевтың мәлімдеуінше, 1951 жылы туған Урунбоев осыдан екі жыл бұрын тыйым салынған "Хизб-ут-Тахрир" исламшыл қозғалысына қосылып, интернет арқылы аталмыш топқа жаңа мүшелерді іздеген. Асадуллоевтың айтуынша, бұл ақпаратты бірнеше адам растаған.

Душанбедегі Ұлыбритания елшілігіндегі дипломаттар Урунбоевтың қамауға алынғанынан хабардар екендерін айтып, бұл істі бақылайтындарын жеткізді.

Урунбоев Би-Би-Си-де 10 жыл жұмыс істеген.
XS
SM
MD
LG