Accessibility links

Испания Ливияның елшісін елден шығарады


Испания Муаммар Кадаффидің қарапайым азаматтарға зорлық көрсетуіне байланысты Ливияның осындағы елшісі Аджели Абдусалам аль-Брениді елден шығаратынын мәлімдеді. Елші 10 күннің ішінде кетуі керек деп мәлімдеді маусымның 16-сы күні Испанияның сыртқы істер министрі Тринидад Хименес.

Испан билігінің айтуынша, Ливия елшілігінің тағы үш өкіліне дипломатиялық дәрежелеріне сай келмейтін іспен айналысқандары үшін осындай шара қолданылған. Испания сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы елшілік қызметкерлеріне тағылған айыпты тарқатып айтып беруден бас тартты.

Тринидад Хименес маусымның 8-і күні Ливияның жалғыз заңды билігі ретінде Өтпелі кезеңдегі ұлттық кеңесті мойындайтынын мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG