Accessibility links

Каддафи зорлықты соғыс құралы етті деп айыпталды


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Ливия басшысы Муаммар Каддафидің армиясын нәпсілік зорлық көрсетуді елдегі бейбіт тұрғындарға қарсы соғыс құралына айналдырды деп айыптады.

Солтүстік Африка мен Таяу Шығыстағы басқа ел басшылары да демократиялық өзгерісті талап еткен жұртты үркітіп, жазалау үшін осы амалды қолданады деген қаупін айтады Хиллари Клинтон маусымның 16-сы күні таратылған жазбаша мәлімдемесінде.

Халықаралық қылмыстық сот Каддафи әскерінің нәпсілік зорлықты үнемі қолданатынына байланысты тергеу жүргізіп жатыр.
XS
SM
MD
LG