Accessibility links

Иран БҰҰ өкілін кіргізбейді


Иран БҰҰ-ның адам құқықтары жөнінде жуықта тағайындалған арнайы баяндамашысы Ахмед Шахидты елге кіргізбейді деп мәлімдеді Иран парламентіндегі адам құқы жөніндегі комитет басшысының орынбасары Мухаммед-Карим Обеди.

"БҰҰ Ирандағы жағдайды тексермей тұрып АҚШ пен Израильдегі адам құқы бұзылуын анықтасын" деді Обеди жексенбі, маусымның 19-ы күні ИРНА агенттігіне берген сұқбатында.

"БҰҰ мен халықаралық құқық қорғау ұйымдары ислам нормаларынан хабарсыз. Адам құқы шарттары бір қалыпқа сыймайды, ел халқының мәдени және діни ерекшелігін ескеру керек" дейді Тегеран.

БҰҰ Ирандағы адам құқығы бұзылуына орай бірнеше рет алаңдаушылық танытқан.
XS
SM
MD
LG