Accessibility links

Биыл Ауғанстаннан АҚШ-тың 10 мың әскері шығарылады


Cәрсенбі күні АҚШ президенті Барак Обама Ауғанстаннан әскер шығару жобасын жариялайды.

Мәліметтерге қарағанда, биыл Ауғанстаннан шамамен 10 мың АҚШ әскері шығарылады. Оның бес мыңы жаз маусымында кететіні хабарланып отыр.

Әскер шығарумен бірге қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ауған күштеріне табыстау жобасы да жүзеге аспақ. Бұл шара кезең-кезеңімен 2014 жылға дейін жалғасады.

Биыл - Ауғанстандағы соғыстың басталғанына 10 жыл. Барак Обама АҚШ қоғамы мен саясаткерлері тарапынан сынға ұшырап отыр. Соған орай президент Обама әскер шығару жобасын қолға алды.
XS
SM
MD
LG