Accessibility links

Қазақстан Рахат Әлиевті экстрадициялауды тағы да өтінді


Рахат Әлиев. Вена, 2008 жыл.
Рахат Әлиев. Вена, 2008 жыл.
Қазақстан Австрия билігіне Рахат Әлиевті экстрадициялау туралы тағы да сұрау салды деп хабарлады бүгін Қазақстан бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель.

Рахат Әлиевке өткен аптада "Нұрбанк" топ-менеджерлері Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасеновтің өліміне қатысы бар деп сырттай айып тағылған еді.

Вена соты Қазақстан президентінің бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиевті экстрадициялау туралы өтінішті екі рет (2008 жылы және 2011 жылы 17 маусымда) кері қайтарған.

Рахат Әлиев өзіне тағылған айыптың саяси астары бар екенін айтады.
XS
SM
MD
LG