Бүгін Сирияда, Дамаскінің оңтүстік жағындағы әл-Кисуак қаласында қауіпсіздік күштері шерушілерді атып, бірнеше адамды жаралады деп хабарлайды France-Presse агенттігі құқық қорғаушылардың сөзіне сүйене отырып.
Сирияның бірнеше қаласында бүгін жұма намазынан кейін президент Башар әл-Асадтың кетуін талап еткен шерулер өтті.
Дамаск, Хомсе және басқа қалалардағы шерушілер "Башар - енді менің президентім емес!" деген ұранмен шықты.
Сирияның солтүстігінде үкімет әскерінің жазалауынан қорыққан 11 мыңға жуық адам Түркияның шекарасына қашып барды.