Accessibility links

Гаага соты Каддафиді тұтқындауға ордер берді


Ливия басшысы Муаммар Каддафи.
Ливия басшысы Муаммар Каддафи.
Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сот дүйсенбі күні Ливия басшысы Муаммар Каддафиді тұтқындауға ордер берді.

Сот Каддафиге адамзатқа қарсы қылмыс жасады және өзіне қарсы шыққан бейбіт тұрғындарға шабуыл ұйымдастырды деген айып тақты.

Халықаралық қылмыстық сот Ливия басшысының ұлы Саиф аль-Ислам Каддафи мен Ливия барлауының басшысы Абдолла әс-Сенуссиді де тұтқындауды бұйырды. Оларға адам өлтірді, Каддафи билігінің қарсыластарын қудалады деген айып тағылып отыр.
XS
SM
MD
LG