Accessibility links

Ауғанстан Америкадағы банкирін қайтармақ


Абдулқадир Фитрат.
Абдулқадир Фитрат.
Ауғанстан билігі орталық банкінің Америкада жүрген төрағасы Абдулқадир Фитратты тұтқындау жөнінде бұйрық шығарды.

Ауғанстан бас прокурорының орынбасары Рахматулло Назари Интерпол мен Кабулдағы Америка елшілігіне Фитратты экстрадициялау жөніндегі құжаттар берілгенін айтты.

Айтуынша, Фитраттың Ауғанстанда "өміріме қауіп төніп тұр" деп жариялауы - негізсіз.

Абдулқадир Фитрат дүйсенбі күні өз өміріне қатер төнгеніне орай қызметтен кеткенін мәлімдеді. Бұл мәлімдеме Ауғанстан үкіметі жекеменшік Кабулбанкінің банкротқа ұшырауын Фитраттың мойнына қойған соң жарияланды.

Банкінің ауған ресми өкілдеріне, олардың ішінде президент Хамид Карзайдың туыстарына заңсыз, құжатсыз шамамен 500 миллион доллар көлемінде несие бергені хабарланды. Бұл дау өткен жылы қыркүйек айынан бері жалғасып келеді.
XS
SM
MD
LG