Accessibility links

АҚШ пен Испания Каддафидің ескертуіне мән бермейтіндерін айтты


Ливия жетекшісі Муаммар Каддафи
Ливия жетекшісі Муаммар Каддафи
АҚШ пен Испания Муаммар Каддафидің Еуропаға шабуыл жасау туралы ескертулері ливиялықтарды қорғау әрекеттерін тоқтатпайды деп мәлімдеді.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон бүгін Мадирдте сөйлеген сөзінде Муаммар Каддафи мұндай ескертулерді жариялағанша өз халқының мүддесін ойлап, биліктен кетсе жөн болар еді деп атап көрсетті. Испания сыртқы істер министрі Тринидад Хименезтың айтуынша, НАТО елдері ливиялықтарға қауіп төндірген Каддафи күштерімен соғысуын жалғастыра береді.

Жұма күні Каддафи егер НАТО оның режиміне қарсы әуеден соққы беруін тоқтатпаса, Еуропаға шабуылдар ұйымдастыратынын ескерткен болатын.
XS
SM
MD
LG